1.10.2023, 23:17
Оқылды: 43

Сырымда "Мейірбандық күндері" басталды

Сырым ауданында қайырымдылық айлығына орай өткен жылы бастау алған "Қайырымдылық бұрышы" қайта "тірілді".​

IMG-20231001-WA0142

- Қайырымдылық бұрышын қазан айының соңына дейін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ниетті жандар болса, мархабат. Бүгінгі таңда ұжыммен бірлесіп “қайырымдылық бұрышына” қажетті өнімдерді сөрелерге орналастардық, - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кенжегүл Исатаева.

Аталған сөрелерге "Жақсылық жаса!", "Шын мұқтаждың алғысынан артық алғыс жоқ" деген секілді жүрекке жылу сыйлайтын сөздер жазылыпты.

Ендеше, жүректерімізді мейірімге толтырып, қайырымдылық жасап, сауабын алуға асығайық, ағайын!

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы​

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале