Ақтөбе қаласында футбол ардагері Нұрым Шалекеновты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.
2013 және 2014 жылы туған балғын футболшылар бақ сынаған турнирде «Ақжайық» футбол клубының тәрбиеленушілері де қатысты. Нәтижесінде А. Култаев баптайтын «Ақжайық-2014» командасы екінші орын иеленді. 16 команда арасынан суырылып шыққан «Ақжайық-2014» Орал футбол мектебінің намысын жықпады.
Інілерінің жеңісті жолын «Ақжайық-2013»командасы да жалғады. Ресей мен Қазақстан аймақтарынан келген 12 команда ішінен суырылып шығып, күміс медаль еншілеген И. Шалаев пен Р. Вахитовтан тәлім алатын «Ақжайық-2013» те әлі талай додадан жүлде салатынына сенім мол.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz