3.10.2023, 15:45
Оқылды: 53

 Қараобадан шыққан қайраткер  

Алаш қозғалысының қайраткерлерінің бірі - Сахыпкерей Арғыншиев 1887 жылы Орал облысы Орал уезі Қараоба болыстығының үшінші ауылында дүниеге келген.

жп дала

С.Арғыншиев 1904 жылдары орыс-қазақ және Орал қолөнер мектебінде оқыған. Кейін Ресейдің Воронеж қаласындағы ер балалар фельдшерлік мектебіне түседі.

1917 жылғы ақпан төңкерісі кезінде Жайық өңіріндегі революциялық қозғалыстарға бірден араласып, Оралда құрылған Уақытша комитеттің құрамына кірді.

1918 жылдың 6 наурызында өткен облыстық атқару комитетінің сиезіне қатысып, облыстық Советтің атқару комитетінің мүшелігіне сайланды.

Кейін 1919 жылы 13 шілдеде Орал ревкомының шешімімен құрылған Жайық сырты Кеңестерін ұйымдастыру бюросының мүшесі болды.

1920 жылдың 8 шілдесінде Қазақ әскери революциялық комитетінің төрағасы Пестковскийдің орынбасары болып тағайындалды. Пестковскийдің Мәскеуге қызметке ауысуымен Қазәскерревком төрағасы міндетін атқарды. Яғни, Арғыншиев Қазақстан Республикасы тарихында қазақтан қойылған алғашқы үкімет басшысы болды.

Алайда 1930-ыншы жылдардағы зобалаң Арғыншиевты да айналып өтпеді. 1937 жылдың 14 тамызында «ұлтшыл», «алашордашыл» деген айып тағылып, КСРО Жоғары соты Әскери коллегиясы үштігінің қаулысымен 1938 жылдың 15 ақпанында Ақтөбе қаласында атылды.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале