3.10.2023, 20:41
Оқылды: 36

Ардақты ардагерлерге қашанда құрмет

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңірге белгілі қаладағы қадірлі қарияларды мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.

IMG-20231003-WA0266

Өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген облысқа белгілі еңбек ардагері, өлкетанушы Жайсаң Ақбайдың шаңырағына барып, құрмет көрсетті. Сондай-ақ қонақтар қарияның өнегелі сөздерін тыңдады.

IMG-20231003-WA0264

– Бүгінде егде жасқа келсек те, біздің тынысымыз елдің, туған жердің тынысымен бір. Биыл жанға да, малға да ауа райы қолайлы болып, су мен шөптің молаюы көңіл қуантты. Міне, халықтың көңілін көкке көтеретін өлкенің осындай жағымды жаңалықтарына бір кісідей қуанып отырамыз. Елдің мүддесі үшін еңбек етіп, ат үстінде жүрген азаматтар аман болсын! Біз оларға қашанда тілекшіміз. Қажет жерінде қолдау-көмегімізді аямаймыз, – деді Жайсаң Досболатұлы.

IMG-20231003-WA0263
«Өңірдің дамуына қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз көпке мәлім. Бүгінгі күні де қоғамның, елдің ортасында жүрсіздер. Облыстың дамуына әлі де ықпал етіп, ақыл-кеңестеріңізді айтып тұрасыздар деген үміттемін. Сіздердей ардагерлердің еңбегін ұмытуға хақымыз жоқ. Өздеріңізден кейінгі буынға үлгі-өнеге көрсетіп, көштің ортасында аман-есен жүріңіз! Ұрпағыңыздың қызығын көріңіз», – деді Нариман Төреғалиұлы.

IMG-20231003-WA0256

Әрі қарай облыс әкімі Ұлы Отан соғысының ардагері, «Халық қаһарманы» атағының иегері Иван Гапичтің үйіне құттықтай барды. «Сіздердің ел үшін жасаған ерліктеріңіз бен атқарған қызметтеріңіз ешқашан ұмытылмақ емес. Қарттар күнімен шын ниетпен құттықтаймын! Шаңырағыңызда қуаныштар молынан болғай!», - деп ақ тілегін ақтарды Нариман Төреғалиұлы.

IMG-20231003-WA0259

Өз кезегінде Иван Степанович келген қонақтарға алғысын айтып, қызметтеріне абырой, табыс тіледі.

IMG-20231003-WA0279
Уақытында Жәнібек аудандық партия комитетінің ІІ хатшысы қызметін атқарған Сәния Хамзинаның шаңырағына барған өңір басшысы зор денсаулық тілейтінін жеткізді.

IMG-20231003-WA0274

Сәния Құрмашқызы қонақтарға дәм ұсынып, қызмет еткен жылдардағы естелік суреттерін көрсетіп, ризашылығын білдірді.

IMG-20231003-WA0275

Айта кетейік, осынау өңірге белгілі ардақты ардагерлерге «Батыс Қазақстан облысының құрметті ардагері» төсбелгілері табысталды.

IMG-20231003-WA0271

Аманжол Исламғали,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале