3.10.2023, 23:06
Оқылды: 61

ҚПЛ жақындай түсті

Елдегі футбол чемпионаты аяқтала келді. Келер жылы жоғары топта өнер көрсетуді қалайтын "Ақжайық" мақсатына жету жолында аянар емес. Үшінші орынға жайғасқан астаналық "Жеңісті" өкшелеген Игорь Прохницкий жігіттері 26-тур матчын қонақта "Таразға" қарсы өткізді. 

IMG-20231003-WA0350

Бір күн бұрын негізгі қарсыласы сүрінгенін білетін "Ақжайық" футболшылары алаң иелерін бірден қыспаққа алды.

IMG-20231003-WA0368

Тез гол соғып, мәселені шешіп тастағысы келген Мирам Сапанов пен оның достары негізсіз қателіктерге жол беріп, тараздық жігіттердің қарымта шабуылға шығып кетуіне мүмкіндік берді.

IMG-20231003-WA0370

Бірінші тайм ортасынан асқанда "Тараз" пенальтиден есеп ашты. Ойынның екінші бөлігін салқынқанды өткізген "Ақжайық" қарсыласты қателесуге мәжбүрледі.

IMG-20231003-WA0363

Алдымен Микола Агапов есеп теңестіріп, артынша "Ақжайықты" алға шығарды. Өз алаңында ешкімге есе жібергісі келмейтін "Тараз" ойынның қалған бөлігінде есепті теңестіргісі келген. Бірақ ол ойы жүзеге аспады.

IMG-20231003-WA0353

Ал қарсыластың айып алаңындағы қарбаласта мықты болған Роман Чирков қорытынды есепті белгіледі. 1-3. "Ақжайық" кезекті үш ұпайын еншіледі.

Түгелбай Бисен,

 zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале