4.10.2023, 12:00
Оқылды: 103

«Саламатты Қазақстан» пойызы Алғабасқа келді

Теректі ауданы Богданов ауылдық округіне қарасты Алғабас станциясына «Саламатты Қазақстан» Президенттік медициналық пойызы тоқтады.

FB_IMG_1696401004865

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, сонымен қатар «Самұрық Қазына» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып қолға алынған жоба 26 сәуірде басталды.Жоба 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Пойыз еліміздің 17 облысындағы 121 шалғай станцияларды қамтиды. Алғабасқа дейін поезд 13 облыс һәм 86 станцияға тоқтап, азаматтарға тегін әрі сапалы медициналық, құқықтық және медиациялық қызмет көрсеткен.

FB_IMG_1696401007170

Ауданға келген қонақтарды Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров қарсылап, қош келдіңіз айтты.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өкілі Жандос Сейдган поезд тек медициналық емес, құқықтық та көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді. Пойыздың бас дәрігері Айнұр Егінбаева көрсетілетін қызметтерге кеңінен тоқталды.

FB_IMG_1696401012416

Алғабасқа ат басын бұрған құрметті қонақтардың қатарында БҚО Қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева және облысымыздағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы, облыс әкімдігі аппаратының бас инспекторы Татьяна Рогозина бар.

FB_IMG_1696401015281

Айта кету керек, Алғабас станциясында медициналық поезд бүгін және ертең кешке дейін қызмет көрсетеді. Денсаулық пойызындағы мамандар құрамында терапевт, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, хирург, уролог, маммолог, кардиолог және педиатр бар. ЭХО КГ құрылғысы жұмыс жасайды.

 

Әділет Орынбасарұлы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале