5.10.2023, 12:15
Оқылды: 66

Интернет мәселесі: Президент Үкіметке шұғыл міндет жүктеді

 Республикалық педагогтер съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шұғыл міндет жүктеді.

18fe71cc-c3df-49d9-8428-44383442aa3f

Білім беру үдерісін цифрландыру қарқынын жеделдету маңызды.

Шын мәнінде, Қазақстанда әлемнің беделді оқу орындарымен бәсекелесе алатын мықты мектептер бар. Бірақ ондай білім ошақтарында балаларымыздың жүзден бір бөлігі ғана оқиды.

Ал цифрлық шешімдер озық педагогикалық тәжірибені тез әрі тиімді түрде кеңінен таратуға мүмкіндік береді. Сол арқылы, тіпті, шалғай аудандардағы оқушыларды еліміздің және әлемнің үздік ұстаздарының материалдарымен және сабақтарымен қамтамасыз етуге болады.

Сондықтан еліміздегі барлық ауыл мектебіне жылдамдығы жоғары интернетті қолжетімді ету мәселесін шешу аса маңызды. Бұл – Үкіметтің алдындағы шұғыл міндет, - деді Прзеидент.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале