9.08.2016, 11:40
Оқылды: 17

Қазталов ауданында қоғамдық кеңес мүшелері мәдениетке сыни көзқарас білдірді

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ МӘДЕНИЕТКЕ СЫНИ КӨЗҚАРАС БІЛДІРДІ   Қазталов аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Батырбек Ахметжановтың төрағалық етуімен қоғамдық кеңес отырысы өтті.

   Кеңесте аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Досжан Ахметовтың аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бес институцияналдық реформасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылу бағытындағы жұмысының ұйымдастырылу жәйі туралы есебі тыңдалды.


  Хабарламада айтылғандай ауданымызда  мәдениет саласында, мәдени орындарда мамандар толық қамтылған. Биылғы жылы мәдениет  үйлері қысқы маусымға әзірлік жұмыстарын жүргізуде.  Дегенмен де мәдениет саласында кездесіп отырған кедергілерді де бар екенін жасыруға болмас.

   Қоғамдық кеңес мүшелері Уәлиолла Әбішев пен Сисенғали Нығметовтың келтірген пікірлерінде Жалпақтал ауылындағы кинотеатр толыққанды жұмыс істеп тұрған жоқ.  Бүгінгі күнде кинотеатрға баратын көрермендер жоқтың қасы. Егер көрермені жоқ болса, ол кинотеатрды ұстап тұрудың қажеті бар ма? Немесе штатта қызметкерлер жұмыс жасайтын болса, бұл  кинотеатрды  адамдарды тарту үшін басқаша бір мәдени орынға айналдыру қажеттігі туындап отырған жоқ па? - деген пікірлерін білдірді.

   Сондай-ақ аудандағы өткізіліп жатырған мәдени шараларға да көрермендер аз тартылады немесе дұрыс  хабарланбай қалады. Мәдени шараларды насихаттау мәдениет үйінің жанындағы хабарланумен ғана шектелуде. Нәтижесінде аудан тұрғындарының арасында өтіп жатырған мәдени шараларға жат пікірлер орнығуда. Бұның өзі мәдениет үйлеріндегі қызметкерлердің өз жұмыстарын насихаттауда кемшілік жіберіп отыр деген сөз.

    Сонымен қатар мәдени-демалыс орталығының басшысы жиі ауысады. Ал, бұндай үрдіс ұйымдастыру жұмыстарына кері әсерін тигізері сөзсіз. Дегенмен жаңадан тағайындалған басшы Мира Максимқызынан халық  көп үміт күтіп отыр деп санаймыз.

    Тағы бір айтар мәселе – мәдениет үйлеріндегі кейбір музыкалық аспаптардың жоқтығы да шараның жоғары деңгейде өтуіне  ықпалын тигізуде.

     Міне, осындай мәселелерді шешу кезек күттірмейтін міндет болып табылмақ.

     Қоғамдық кеңес осындай және басқа да мәселелерді қадап тұрып жеткізді.

    Алдағы уақытта бұл жұмыстар өз  шешімін табады деген сенімдіміз.

Әсем Болат

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале