Теректі ауданында ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай «Қазақша. Quiz» интеллектуалдық сайысы өтті.
Теректі аудандық «Іс үшін» қоғамдық бірлестігі қолдап, «Жастар рухы» жастар қанаты мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған білім додасына аудан орталығындағы білім беру мекемелері қатысып, бақтарын сынады.
Ұстаздардың жұмыстан тыс уақытын тиімді пайдалану, дүниетанымдық қабілеттерін арттыру, мамандар арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында өткен сайыста «Amanat» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы Мирхат Ибраев ұстаздарды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар шараларға белсене қатысқан ұстаздар Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің директоры Әсима Куткужиева, Федоров ЖОББМ директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Айман Кумашева, Федоров №1 ЖОББМ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Нұрбике Шагиева , осы білім ордасының логопеді Ғазиза Сарсенова, Ақжайық ЖОББМ тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Хабидуллина «Amanat» партиясының БҚО филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтің атынан алғысхатпен марапатталды.
Сайыс тізгінін ұстаған Үміткер Орынғалиев «Жауап», «Біз білетін ән?» «Көрген кино», «Мемлекетті таны» және «Тұлғаны тап» атты бес кезеңде қатысушыларға білім, мәдениет, спорт, т.б. түрлі тақырыптардағы сұрақтар қойды.
Білім сайысының нәтижесінде Теректі аудандық балалар шығармашылық үйі, Федоров № 1 ЖОББМ, балалар-жасөспірімдер туризмі, экология орталығы, Федоров ЖОББМ белсенді қатысқаны үшін алғыс хат иеленді. Теректі балалар музыка мектебі ІІІ орын, аудандық білім беру бөлімі ІІ орынға лайық деп танылды. Ал қатарынан оза шапқан «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешілері І орынды қанжығаға байлады.
Жеңімпаздар мен қатысушы білім беру мекемелеріне Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміровтың атынан алғысхат және дипломдармен марапатталды.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz