6.10.2023, 10:00
Оқылды: 28

Еліміздің «Үздік жедел уәкілі» анықталды

Ішкі істер министрлігінде «Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Полиция ЖП

Министрліктің хабарлауынша, жарыстың ақтық кезеңі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының өткен.

Айта кету керек, ең ауыр қылмыстар жедел қызметкерлердің білімі мен дағдыларының, олардың табандылығының, адалдығының, батылдығы мен тапқырлығының арқасында ашылады.

Дәстүрге айналған конкурста аумақтық бөліністердің қызметкерлері жедел қызметте, заңдарды меңгеруде, атыс және физикалық дайындықта жоғары нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар шара барысында жедел уәкілдермен отставкадағы милиция полковнигі Ғабдрахим Меңдешев кездесті.

Офицер көптеген ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашқан. Жеңімпаздарды ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Айдос Рысбаев марапаттады.

– Қиын қызметтеріңізден үйлеріңізге аман-сау оралуларыңызды тілеймінІ Сәттілік серік болсын әрдайым! – деді Рысбаев.

Ең үздік жедел уәкіл болып Ақмола облысының қызметкері Елжас Ноғаев танылды. Екінші орынды Абай облысының намысын қорғаған Қуаныш Зарипов иеленді.

Ал үздік үштікті алматылық жедел уәкіл Берік Бибеков түйіндеді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале