7.10.2023, 11:21
Оқылды: 58

Оралда көршілес екі тұрғынның үйінен есірткі өсімдіктері табылды

БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып 4 қазан күні “Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Орал қаласында тұратын 61 және 56 жастағы екі көршінің шаруашылық сарайларының бірінен 38 түп, екіншісінен 35 түп арнайы иісі бар, кептірілген есірткі өсімдігін, сондай-ақ өсімдік тектес зат салынған пакет пен өсімдіктің тұқымы салып оралған қағаз орамасын және "Добрыня" газды тапаншасы мен 1 патрон тауып, тәркіледі.

IMG-20231007-WA0016

Тәркіленген заттар сараптамаға жолданды. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, 2023 жылдың 1 маусымы мен 31 қазаны аралығында республика аумағында есірткіні заңсыз өсіру, есірткі өсімдіктерін өсіру орындарын жою мақсатында “Қарасора – 2023”арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

IMG-20231007-WA0017

“Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасының 3 айында 130 есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде 50 дерек – есірткі қылмысы болса, ҚР ҚК-нің 296-бабына сәйкес 80 қылмыстық әрекет (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) тіркелді.

IMG-20231007-WA0019

Анықталған 50 есірткі қылмысының ішінде ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес есірткіні өткізудің – 9 дерегі, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтау – 10, ҚР ҚК-нің 300-бабына сәйкес құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 26 дерегі және 3 есірткі контрабандасы анықталды.

БҚО Полиция департаментінің

баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале