7.10.2023, 21:28
Оқылды: 50

Шаршы алаңда – мықтылар майданы

Шыңғырлау ауданы орталығында дәстүрлі былғары қолғап турнирі өтіп жатыр. КСРО бокс шебері, Шыңғырлау өңірінің тумасы Еділ Ишекеновты еске алу үшін ұйымдастырлатын аталған жарыс биыл 30-шы мәрте өткізіліп отыр. Байрақты бәсеке 4 күнге созылып, барлығы 20 команда қатысты.

WhatsApp Image 2023-10-07 at 19.09.40

Бап пен шеберлік, күш пен жігер қатар сынға түскен спорттық шараға белгілі төрешілер шақырылып, әлем, Азия чемпиондары қонақ боп келді. Бұлардың ішінде Еділ Ишекеновтың достары Асқар Кулов пен атыраулық Сейітжан Бекжанов та бар еді.

Шаршы алаңға назарын тіккен жұртшылықты барша боксшылар өз шеберліктерімен тәнті етті.

Жас боксшылар 34 келіден 80+ салмақ дәрежесіне дейінгі салмақтарда күш сынасып, бабы мен жігері, шеберліктеріне орай орын алып жатты. Нәтижесінде, 180-нен аса боксшылар өнер көрсеткен жарыста Маңғыстау және Ақтөбе командалары басымдық танытты.

- Командалар жақсы дайындықпен келген. Жастар жақсы өсіп келеді. Бұл жолғы жарысқа Маңғыстау мен Ақтөбе обылыстары көп спортшы әкелген екен. Ең көп командалар да осы облыстардан боп отыр. Шыңғырлау ауданынан 13 боксшы сынға түсті, қоржынымызда 1 алтын,1 күміс және екі қоламыз бар. Бұл жалпы жақсы нәтиже,- деп сараптайды аудандық БЖСМ басшысы Манарбек Бектияров.

WhatsApp Image 2023-10-07 at 19.09.52

Турнирдің аяқталу салтанатында Еділ Ишекеновтың әкесі Хамидолла Ишекенов сөз сөйлеп, спортшы жасөспірімдерге таламас талап тіледі. Спортта мықты болудың үлгісі болған ұлы туралы естеліктер де айтып өтті. Жарық жұлдыздай жанып-сөнген даңқты ұлының жеткен биігі мен жеңістерін тіледі көкөрім жас жеткіншектерге. Бұдан соң марапаттар легі басталып кетті. Аудан әкімі М.Өмірәлиев 34-36 келі салмақ дәрежесіндегі жеңімпаздарға жарыс медальдарын тағып, естелік суретке түсті. Бұдан ерекше көзге түскен екі спортшыға электромопед көлігін сыйға тартты.

Осылайша, жерлестеріміз Ерасыл Усманғалиев пен Мирас Наурызғалиев электромопед иегерлері атанды.

WhatsApp Image 2023-10-07 at 19.09.57

Салмақ дәрежелері бойынша кезегімен марапатталғандар ішінде жұдырықтасу техникасымен көзге түскен ақтөбелік Ислам Серік Е.Ишекеновтың достары А.Кулов пен С.Бекжановтың арнайы жүлдесін иеленді.

Даниял Сәбит, Ересектер арасында Қазақстан чемпионы, Дубай қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері:

- Жарыс өте жақсы ұйымдастырылған, жақсы өтіп жатыр. Шыңғырлау спортқа мән береді екен, мынадай ғимарат салып береп, балалар зор мүмкіндік ашып берген. Балалар да жақсы дайындықпен келген, көздері жанып тұр, бәрі де жеңістен үммітті келегн. Бұл жалпы жақсы нышан. Өзім, Чапай-Алғабас ауылының баласымын. Мұнда алғашқы келуім, ауылдарыңыз әдемі екен, қатты ұнады!

Осылайша, шеберлік пен шапшаңдық, күш пен айла-тәсіл текетірескен төрт күндік турнир тез-ақ өте шықты. Бұл жарыс кімдерге жеңіс алып келді, кімдерге үлкен үміттер сыйлады, қанша жасөспірім өзіне, болашағына нық сеніммен қарады бұл күні. Иә, мықты спортшылық өмір осындай кішкентай қадамдардан бастау алады. Болашағың жарқын болғай, Қазақ баласы!

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале