9.10.2023, 9:30
Оқылды: 70

Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі аяқталды

​​Елімізде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңі аяқталды. Еске салайық, екінші (іріктеу) кезеңі 20 қазанда өтеді.

IMG-20231009-WA0004

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, олимпиадаға жалпы білім беретін мектептер мен лицейлердің, гимназиялардың, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 11(12) сынып оқушылары қатысқан.

Қатысушылардың жалпы саны – 2933 оқушы, оның 1039-ы ауыл мектептерінен келген.
Атап өтейік, олимпиаданың әрбір қатысушысы төрт пән бойынша (математика, физика, химия, биология) тапсырмаларды орындады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале