Фото: денсаулық сақтау министрлігінен
Елімізде МӘМС 2019 жылдан бастап енгізілген болатын осы жылы 20 млн-ға жуық арнайы мамандармен консультация және диагностикалық зерттеулер жүргізілді. Былтыр бұл сан 142 млн-ға дейін өсті.
Яғни дәрігерлік қабылдаулардың, зертханалық талдаулардың және аспаптық диагностиканың қолжетімділігі 7 есеге артты. Балалар 11 млн стоматологиялық қызмет алды, ал ересектерге көрсетілетін қызметтер 50 мыңнан 1,5 млн-ға дейін 30 есеге жуық өсті, - деп айтты Ажар Ғиният Үкімет сағатында.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға дейін Үкіметтің қатысуымен халықтың әлеуметтік осал 8 тобы қымбат тұратын КТ және МРТ-ға қол жеткізе алды.
Былтыр осындай қызметтердің 1,5 млн-ға жуығы жүргізілді, яғни 7 есе өсті. ПЭТ қызметтерінің саны да 13 мыңнан 21 мыңға дейін екі есеге жуық өсті. Жаңа бағдарламаның арқасында «бедеулік» диагнозына тап болған 8 000 жұп ата-ана атану мүмкіндігіне ие болды, - деді министр.
Пациенттерге жүрек-қан тамырлары, неврологиялық, онкологиялық аурулар мен жарақаттар кезінде медициналық оңалту қолжетімді болды.