9.10.2023, 11:15
Оқылды: 53

Ажар Ғиният ел азаматтары өз денсаулығына қанша қаражат жұмсайтынын айтты

Қазақстанда адамдардың денсаулыққа жұмсайтын қалта шығындары 31,1 пайыз шамасында. Бұл туралды Парламент Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖП ақша 2

«Дамыған елдерде, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде денсаулық сақтаудың қазіргі шығындары жалпы ішкі өнімнің шамамен 10,2 пайызын құрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы экономикасы дамушы елдерде медицина жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында жалпы ішкі өнімнің 5 пайыздан 8 пайызға дейінгі көлемін жұмсауды ұсынды», - деді А. Ғиният.

Оның айтуынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде денсаулық сақтауға арналған қалта шығындары жалпы шығындардың орта есеппен 16,9 пайызын құраған.

«Ал Қазақстанда оның көлемі 31,1 пайыз шамасында. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымы бойынша бұл көрсеткіш 20 пайыздан аспауы тиіс. Әлем елдердегі жарналар мен аударымдар да түрлі деңгейде. Бұл тұрғыда біздегі жарналар ең төмен саналады, яғни 5 пайызды құрады (жұмыс берушінің 3 % және қызметкердің табысының 2 %, мемлекет 2-3% құрайды)», - деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале