9.10.2023, 12:15
Оқылды: 94

«Харекет» қоры: көпбалалы отбасыға үй берілді

Жуырда Тасқала ауданына қарасты Амангелді ауылында Хайрушевтар отбасы баспаналы болды. Үйдің кілтін «Харекет» қайырымдылық қорының өкілдері табыс етті.

қарекет (1)

Осы кезге дейін 1000 адамның қуанышына ортақ болған қор жемісті еңбек етіп келеді.

- «Харекет» қайырымдылық қорының демеушілігімен баспаналы болып жатырмыз. Біріншіден Аллаға рахмет, екіншіден осы қорға алғысымды білдіремін. Осы уақытқа дейін жеті баламен біраз жыл бойы баспанасыз жүрген едік. Міне, бүгін Алланың қалауымен баспаналы болып жатырмыз. Жанұямда барлығы дерлік қуанышты. Өмірімізге енді үмітпен қарап, балалаларымыздың қуанышын осы үйде көрсек дейміз, - дейді отағасы Таир Хайрушев.

- «Харекет» қайырымдылық қорының директоры Гүлмира Мұқанқызының бастамасымен қайырымды, жақсы іске келдік. Бүгінгі танда Амангелді ауылдық округіндегі баспананы қосқанда тоғыз жүз сексен бірінші үйдің кілтін табыс еттік. «Харекет» қорының «20 күнде 50 баспана» атты акциясына Амангелді ауылындағы үй ілікті. Жеті бүлдіршінің қуанғаның өзі біз үшін үлкен мәртебе, - деді қордың БҚО-дағы өкілі Демежан Шынболатұлы.

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале