9.08.2016, 17:27
Оқылды: 66

Облыс әкімі финдік компаниялармен мәміле жасасты


финыБ
үгін облыс әкімі Алтай Көлгінов өңірімізге іссапармен келген Финляндия елінің  бір топ делегаттарын қабылдады. Делегация құрамында болған финлияндиялық «General Finland» компаниясының аймақтық директоры Калвер Каппер,  «Lammin» компаниясының өкілдері  Тапани Тайсто Койвула, Якко Маркеу Хоппания, Олави Ханну Сааринен және финдік бизнес-хаба директоры Мұхтар Манкеев жаңа бизнес-жобаны өңірімізде іске асыруға келісімге келді. 


        - Құрметті қонақтар, өңірімізге қош келдіңіздер! Біздің облысымызда бизнесті дамыту үшін инвестиция тартуға және жергілікті тауар өндіруші «Стекло-Сервис» ЖШС-мен ортақ жұмыс көзін ашуға мүдделі болғандарыңыз үшін қуаныштымын. Өңірімізде инвестиция көлемінің артуы біздің жұмысымыздың басты жетістігі болып табылады. Өйткені ҚР Президенті Н.Назарбаев әрдайым ауқымды инвестициялық климаттың құрылуына көңіл бөліп келеді. Сондықтан еліміздің батыс аймағын дамыту үшін сізбен қолайлы жұмыс жасауға бар мүмкіндігімізді ұсынамыз. Фин елінде құрылыс индустриясы өте жақсы дамығандығын білеміз. Сіздердің жұмыс тәжірибелеріңізден жаңа технологияны меңгеру  біздің мамандар үшін өте маңызды. Қазақстан мен Финляндия арасындағы бизнесті дамыту үшін барлық күшті жұмылдырамыз, әріптестік байланыс орнатуға әзірміз, - деп атап өтті Алтай Сейдірұлы.

- Біздің ұйым бірнеше фин компаниясын біріктіреді, бүгінде компанияның жалпы айналымы 600 млн. евроны құрап отыр. Батыс Қазақстан облысына келуіміздің басты себебі қолға алған кәсібімізді осы өңірден жалғастыруды жөн деп шештік. Сіз жоғарыда атап өткендей, Финляндияда жаңа технологиялар қарқынды дамуда. Біздер жаңа нарыққа шығарда Азия елдерінің ішінен сіздің өңірді таңдадық.  Бүгін өндірісті дамыту туралы консепцияға қол жеткізсек, ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыстың алғашқы этапын бастаймыз. Консепцияда аймақты дамытуды көздейтін 8 бөлім қарастырылған, бұлардың барлығы болашақта жүзеге асады деген сенімдеміз. Мұның аясында түрлі саладағы жобаларды қолға аламыз. Батыс Қазақстанда энергия сақтаушы әрі экологиялық тұрғыдан тиімді, климаттық жағдайға төзімді құрылыс материалдары мен есік-терезелерді шығаруды жоспарладық, - дейді «General Finland» компаниясының негізін қалаушы әрі директоры Тапани Койвула.

Ләззат Шағатай

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале