Бүгін Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Қожахмет Мадиярдың төрағалығымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық кеңесінің Жұмыс тобы мүшелерін іріктеу рәсімі өтті.
Бұл туралы ақпарат және мәдениет министрлігі хабарлады.
Конкурстық іріктеуге қатысуға 23 өтінім беріліп, 19 адам қатысты. Іріктеуге қатысушылардың арасындағы ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобына азаматтық қоғамның 8 өкілі кірді.
Осылайша, Жұмыс тобының құрамына Айдие Айдарбеков, Мәдина Махметова, Анар Молдашева, Махаббат Еспенова, Әлібек Саттаров, Дамир Оразымбетов, Динара Өтебаева, Руслан Хамза және мемлекеттік органнан Мадияр Қожахмет кірді.