10.10.2023, 16:00
Оқылды: 50

Бөрлі ауданында «Бөрлі білгірі» жобасының бірінші кезеңі өтті

Бөрлі ауданы әкімдігі, ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен «Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігінңің ұйымдастыруымен Бөрлі ауданында 9-10 сынып оқушылары арасында «Бөрлі білгірі» жобасының алғашқы кезеңі өтті.

27d450fc-59fe-4cf5-a169-409fcf320c36

Алғашқы кезеңге өтініш білдірген 48 оқушы қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Сайыс ережесі бойынша оқушылар, «Бастау», «Ертәуіл», «Мәре» бөлімдерінде берілген тапсырмаларды орындау қажет болды. «Бастау» бөлімінде жалпы қатысушыларға 12 сұрақ қойылды. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай берілді. Ал екінші «Ертәуіл» бөлімінде оқушылар ұяшық таңдады. Бір ерекшелігі осы бөлімнің «Атамекен» ұяшығында оқушыларға тек Бөрлі ауданының тарихына байланысты сұрақтар қойылды. Бір топта сынға түскен алтылықтың үздік үштігі келесі кезеңге жолдама алды.

39ed7858-94d6-4d9e-a1b2-e1e41ab8c2f9

- Ойын өте қызықты болды. Аудан тарихына қатысты сұрақтарда тосылып қалғанымыз рас. Дегенмен туған жердің тарихын білу бәріміздің міндетіміз. Осы ойынның арқасында аудан тарихына қатысты тың ақпараттарды біліп қалдым. 150 ұпай жинап келесі кезеңге жолдама алдым. Енді тыңғылықты дайындаламын, - дейді қатысушы Ақсай қаласы №3 мектеп оқушысы Дильназ Алтынбай.

Келесі ойын аптаның сенбі және жексенбі күндері болады. Ал ойындар youtube каналына жүктелетінін атап өткен жөн. Ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен ауданында алғаш рет өтіп жатқан бұл жобаның жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале