11.10.2023, 9:30
Оқылды: 33

Үкіметте 2,5 мыңнан астам өтініш қаралған

Дәл қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтіп жатыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысып отыр. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

1_424

Фото: primeminister.kz

Тамара Дүйсенова өңірлерге шығу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері туралы баяндауда.

«Бүгінгі формат халықты алаңдадатын түйткілді мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табуға және оны заңнамалық тұрғыдан реттеуге мүмкіндік береді. Депутаттардың атына жолданған азаматтардың 2,5 мыңнан астам өтініші Үкімет тарапынан мұқият қаралып, тиісті жауаптар Парламентке жолданды. Олардың орындалу барысы Үкіметтің ерекше бақылауында» — деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале