12.10.2023, 12:45
Оқылды: 105

«Жас азамат» газеті қалай шығарылды?

Бұл газет «Бірлік» ұйымының ұйымдастыруымен өңіріміздің солтүстігінде шыққан тұңғыш газеттің бірі. Алғашқы саны 1918 жылдың 30 шілдесінде Петропавл қаласында шыққан.

жп дала

Газеттің редакторы қазақтың белгілі қайраткері, Алаш қозғалысының белсендісі Қошке Кемеңгерұлы болған.

Газет жұртқа ресейдегі қоғамдық-саяси тартыстар, Алаш қозғалысының мақсаты, елдік және бірлік тұрғысында түсініктер мен байыпты саралау арқылы қоғамның тыныс-тіршілігі турасында хабарлар таратып отырған.

Газет беттерінде Алаш қайраткерлері К.Кемеңгерұлы, С.Сәдуақасұлы, А.Жантәліұлы, М.Әуезов, Б.Серкебайұлы, Х.Ибрахимұлы, Б.Малдыбайұлы және өзгелердің «бүркеншік» атпен жазған мақалалары  жарияланып тұрды.

Газеттің шығуы мен таралуына «Жас азамат» ұйымының мүшелері Қ.Кемеңгерұлы, М.Мырзаұлы, С.Сәдуақасұлы, М.Сейтұлы, Г.Досымбекқызы, Ә.Байділдаұлы тағы басқа белсене араласып көмек қолдарын созып отырған.

Бүгіндері «Жас азамат» газетінің 1918-1919 жылдары аралығында 1-22 нөмерінің шыққандығы және жұртқа таралғаны мәлім болып отыр.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале