Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балалары 100%, сондай-ақ 1-4 сыныптарда оқитын 1,4 миллион оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 2023-2024 оқу жылында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан 97,4 мың бала мектепке дейінгі ұйымдарда тегін ыстық тамақпен қамтылған.
Тегін тамақтанумен 1,6 миллионнан астам оқушы, оның ішінде бастауыш сыныптарда оқитын 1,4 миллион бала, 5-11 сыныптарда білім алатын 200 мыңнан астам әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балалары қамтылған.