13.10.2023, 12:30
Оқылды: 62

Израиль Газа секторының халқын 24 сағат ішінде кетуге шақырды

Израиль Газа секторының солтүстігіндегі тұрғындарға алдағы 24 сағат ішінде кетуге бұйрық берді. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлім етті. Мұнда шамамен 1,1 млн адам туралы сөз қозғалып отыр. Бұл - Газа секторы халқының жартысы, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

73cf0399-8764-4114-854b-bf6bf6a29713

Фото: Metin Yuksel Kaya/Anadolu Agency

Алайда БҰҰ мұндай қоныс аудару гуманитарлық зардапсыз болмайды деп есептеп, бұйрықтың күшін жоюға шақырды.

Израильдің БҰҰ-дағы өкілі Гилад Эрдан БҰҰ мәлімдемесін қатаң сынға алды.

— Израильдің Газа тұрғындарына берілген ескертуіне БҰҰ-ның берген жауабы масқара! БҰҰ жылдар бойы ХАМАС-тың Газа секторының бейбіт тұрғындары мен азаматтық инфрақұрылымын қаруландырып, қару-жарақ пен кісі өлтіру баспанасы ретінде пайдалануына көз жұмып келді. Енді ол азаматтарын ХАМАС лаңкестері өлтірген және қатысы жоқ адамдарға тигізетін шығынды барынша азайтуға тырысқан Израильді жақтаудың орнына Израильге ақыл үйретеді, — деді ол.

Сондай-ақ жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтетіні белгілі болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале