Қазгидромет 13 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың шығысында 3 градус аяз, күндіз 7-12 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 15 градус жылы. Оралда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 10-12 градус жылы.