«AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар Департаментінің инспекторы Айжан Өтегенова, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі Кенжалы Жанғалиұлы Казталов ауданына жұмыс сапарымен келді.
Облысқа жұмыс сапары барысында Казталов ауданына арнайы ат басын бұрған инспектор Қошанкөл ауылындағы «Қарлығаш» бөбекжайының ахуалымен және партияның Казталов аудандық филиалының, «Қошанкөл» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты.
«Қарлығаш» бөбекжайы 1984 жылы пайдалануға берілгеннен осы күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген. Тұрғындардың және бөбекжай қызметкерлерінің айтуынша қыста бөбекжай іші салқын болып, салдарынан балалар жиі тұмауратып ауырады. Бөбекжай мен ауылдық мектеп бір жерден жылытылады. Бөлек жылыту орынын салу жөнінде де жиындарда мәселе көтерілгенімен қаржы жоқ болу себепті бұл мәселе де орындалмай отыр. Бөбекжайға күрделі жөндеу жүргізуге, жобалық сметалық құжаттарын жасату үшін, аудандық білім бөліміне ауылдық округ әкімшілігі тарапынан хат жолданған.
Партия аталған мәселенің аудандық деңгейде шешімін таппағандықтан республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлу жолдарын қарастыру жөнінде де мәселе көтерген. Елордадан арнайы келіп, бөбекжайдың жай-күйімен танысқан партия инспекторы мәселенің жоғарғы деңгейде шешуге ықпал ететіндігін жеткізді.
- «Қарлығаш» бөбекжайының ахуалымен таныстық. Елімізде шекара маңындағы ауылдар мен елді мекендерді дамытуға көп көңіл бөлінуде. Қошанкөл ауылы да стратегиялық маңызы зор ауылдардың бірі. Біз мәселені назарға алдық. Бұл мәселе облыс деңгейінде шешімін таппаса республикалық деңгейде шешімін табуына ықпал етеміз. Еліміздің іргетасы берік болсын десек ауылдарға көңіл бөлуіміз қажет. Ауылда халыққа қолайлы орта қалыптастырып, заманауи мектептер, балабақшалар салынып, жолдар күрделі жөндеуден өтсе, жас мамандардың да жұмысқа қызығушылығы артары сөзсіз. Біз еліміздің ертеңін ойлауымыз қажет. Сондықтан халықтың аманаты жерде қалмай, шешімін табады, - деді Айжан Мыңжасарқызы.
Түйткілді мәселемен «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар Департаментінің инспекторы да танысты. Мәселе шешімін таппай игі дейді халық. Айжан Мыңжасарқызы ауданымызға жұмыс сапары барысында «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының және «Қошанкөл» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысып, бірқатар тапсырма берді.
Асылбек Нәсіпқалиұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz