13.10.2023, 17:30
Оқылды: 109

Мемлекеттік қызмет көрсетудің 1500-ге жуық түрі бар

 Шыңғырлауда аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

391611219_1715558298962655_2237004497626379023_n

Бұған Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департмент басшысы Мұрат Байсаловтың ауданымызға арнайы сапармен келуі себеп болды. «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратында өткен отырысқа аудан әкімі М.Өмірәлиев, қоғамдық кеңес мүшелері, Ақшат ауылдық округінің әкімі Е.Айшуақов, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Р.Еслямов, аудан әкімі аппаратының инспектор- заңгері Б.Жандәулетов және БАҚ өкілдері қатысты.

Без имени.jpgХалыққа қызмет

Басты тақырып ауылдық округтердегі, аудандық бөлімдердегі мемлекеттік қызмет көрсету туралы болды. Жалпы ауылдық округ әкімдігі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету елді мекен шегінде құрылысқа және өзге де мақсаттарға жер учаскесін беру, мемлекет меншігіндегі түрлі нысаналы мақсаттардағы жер телімдеріне құқықтар беру және жер телімдерін сатып алу немесе бөліп төлеу мәселелерін реттеу қызметтерінен тұрады. Отырыста М.Байсалов қоғамымыз үшін қай уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетудің өзекті екенін атап өтті.

- Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсетудің 1500-ге жуық түрі бар, олардың 70 пайызға жуығы «Egov.kz» арқылы және осыған балама басқа да электронды платформаларда 42-ге жуық қызмет түрі жүзеге асырылады. Болашақта «видеоЦОН» қызметі де іске қосылады. Сондай-ақ QR кодпен қол қою, хабарламалар арқылы қол қою қызметтері қосылады. Бұл қызметтер мониторингтік жүйе арқылы тексеріліп отырылады, - деді М.Байсалов.

Отырыста осы қызмет көрсетулердің аудан шегінде және белгілі бір әкімшілік аумақтарда жүзеге асуы талқыланды.

Сондай-ақ аталмыш қоғамдық кеңес отырыстарының жиындарын өткізу қағидалары бекітілді.

Бұдан соң осындай жиын аудан әкімдігінде де өткізіліп, оған аудан активі, бөлімдер басшылары қатысты.

Қ.Елемесов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале