17.10.2023, 17:15
Оқылды: 51

Айтқалидан шыққан Алаш өкілі

Алаш қозғалысына қатысушы ағартушы-педагог Төлеген Иманғазиев 1874 жылы Орал облысы Ілбішін уезі Жақсыбай болысының Айтқали ауылында дүниеге келген.

жп дала

Алғашқы білімді Есбол екі кластық орыс-қазақ мектебінде алған. 1887 жылы Орал қалалық екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. Ал 1890-1894 жылдары Орынбор орыс-қазақ училищесінде оқып «халық мұғалімі» атағын алып шығады.

1896-1917 жылдары Орынбор өңірінде, кейін елге келіп, мұғалім, одан соң болыстық басқарушы болып сайланады.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен соң жергілікті жерлерде Алаш өкілдері құрған комитеттерде өзін-өзі басқару, оқу-ағарту ісін жолға қою секілді жұмыстарға белсене араласады.

1918 жылғы ақпанда Қаратөбеде өткен ІІІ Орал Қазақ облысы сиезіне делегат болады. 1920-1929 жылдары кеңестік жұмысқа тартылып, Жақсыбай ауылында мұғалімдік қызметін жалғастырады.

1937 жылы өлкенің дін қызметкерлері қудалауға түскен кезде Төлеген Иманғазиевке «дін өкілдері Құрманғали Қуанышқалиев, Хасен Нұрмағамбетовпен байланыс жасады» деген айып тағылып тұтқынға алынады.

Кейін оған қосымша «Алаш Орда қозғалысына қатысты» деген айып артылып 1937 жылдың 15 ақпанында Орал түрмесінде атылады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале