20.10.2023, 13:00
Оқылды: 45

Алашты қолдаған революционер

Белгілі революционер Әмірғал Ипмағамбетов 1903 жылы Орал облысы Орал уезі Қараоба болысының Бұлақсай ауылында туған. 1911-1915 жылдары Қараоба орыс-қазақ мектеп-интернатында оқиды.

жп дала

1917 жылғы Ақпан революциясы жылдары Алаш қозғалысын қолдап, Оралдағы «Ақ ниет» өзара көмек ұйымына кіреді.

Ол 1918 жылғы сәуірде өткен «Орал жұмысшы-шаруа, солдат қазақ депутаттарының» І сиезіне қатысады. Кейін Орал «совдепо» қуып таратылған тұста, Федоровка, Богдановка селоларында жасырынып жатқан совдеп мүшелері С. Арғыншиев, Ә. Әйтиев, М. Ипмағамбетовтердің байланысшысы болады.

Ал 1919-1920 жылдары Жайық өңірін кеңестендіру жұмысына белсене араласып, Орал губерниялық кеңесінің үгітшісі, кейін нұсқаушысы қызметтерін атқарады.

Келесі 1924-1936 жылдары елден тыс жерге кетіп Гурьев уезі Доссор аудандық комитетінің хатшысы, Қарағанды облысында аудандық, облыстық деңгейде түрлі қызмет атқарады.

Сосын 1936 жылы ақпанда елге оралып Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық комитетінің бірінші хатшысы болады.

Кешегі 1937 жылғы қуғын-сүргін кезінде оған, әкесі М. Ипмағамбетов «Батыс Алаш орда қозғалысының өкілі», өзі «халық жауы І. Құрамысовпен байланыста болды» деп айып тағылып, қызметінен босатылды.

Кейін Батыс Қазақстан облыстық сотының шешімімен 1938 жылы оған «шаруашылық-кеңес қызметінде жұмыс жасауға болады» деген шешім шығарылады.

Осылайша ревоюционер Ә. Ипмағамбетов түрмеге жабылмағанмен кеңестік билік тарапынан «жат адам» ретінде партиядан шығарылады.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале