Американың әйгілі The Ring журналы орта салмақтағы рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Фото: Sports.kz
Алдыңғы басылыммен салыстырғанда біршама өзгерістер бар: рейтингінің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін екінші орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан алтыға көтерілді.
Екінші орында Доминикан Республикасынан Карлос Адамес, үшінші – кубалық Эрисланди Лара.
The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік 10 спортшының орналасу реті келесідей: