Соңғы жылдары Жәнібек ауданында көгалдандыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Сая болар тал-теректің арқасында таза ауа жұтып, өмірге мықты денсаулықпен қасқая қараймыз.
Республикалық акция аясында жағажай жанына 100 түп қарағаш пен 100 түп терек отырғызылды. Бізді бір қуантқаны ағаш пен теректің қоршалғаны болды. Мал кіреді деп алаңдамаймыз.
Оның үстіне көк желекті отырғызған орын да ауданға келген қонақты «мен мұндалап» қарсы алады. Қоршауы да, орны да үйлесім тапқан бақандай 200 түп терек тамырын тереңге таратсын!
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz