Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов облыстық «Дала дарындары» байқауының жүлдегерлері мен «Ана тілі аруы» байқауының бас жүлде иегері Бейбітгүл Ибатованы қабылдады.
Айта кетейік, дәстүрге айналған «Дала дарындары» байқауында қолөнер жанры бойынша Әсемгүл Ахметова жүлделі I орынды қанжығасына байласа, Есім Тұяқбаев жыр айтып II орынмен сүйіншіледі. Вокал жанрында бақ сынаған Руслан Хайрушев III орын, Ақтілек Әлібекұлы поэзия жанры бойынша жүлделі III орынға ие болды. Аудан әкімі Тимур Шиниязовтың алғысын жеткізген Жақсылық Каримоллаұлы:
- Ауданның абыройын асқақтатын жетістіктер жалғасын таба берсін. Дарындарды қашан да қолдаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз,- деді.
Әлібек Қаржау,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz