21.10.2023, 12:07
Оқылды: 70

Жаңақалада Республика күніне орай шырайлы шара өтті

Бүгін 25 қазан – Республика күніне орай Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы “Мәңгілік жаса, қыран елім!” мерекелік концертін ұйымдастырды.

IMG-20231021-WA0002

Шараның ​ “Мен қазақпын” деп аталатын бөлімінде №3 Жаңақала ЖОББМ оқушылары мен аудандық МДО жанындағы Халық хоры Қазақстан Республикасының мемлекекттік Гимнін орындады. Содан соң аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев аудан жұртшылығын аталмыш мерекемен құттықтап, ауданымыздың көркеюіне үлестері тиіп жүрген азаматтарды және кітапханашылар күні қарсаңында бір топ кітапханашыларды марапаттады.

image-20-10-23-06-14-9

Сазды кеште, сондай-ақ халық аспаптар оркестрі, үлгілі “Нұрбибі”, “Гүлдәурен”, халықтық “Сымбат” би ұжымдары, Жаңақала ЖОББМ оқушылары мен аудандық балалар бөбекжайының тәрбиеленушліері, киелі сахнаға жаңа қадам басып жатырған жас өнерпаздар мен мәдени-демалыс орталығының әншілері өнер көрсетіп, көрермен ықыласына ие болды. Мерекелік кеш Мерей Жұмашевтың орындауында “Атамекен” әнімен қорытындыланды.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале