21.10.2023, 15:51
Оқылды: 112

Бірінші орын – Жәнібек ауданы әкімдігінде

Бүгін «Жәнібек» спорт клубында ата-аналар арасындағы волейболдан аудандық ашық турнир өтіп, оған Назарбаев зияткерлік мектебі, Білім- инновация лицейі, Т.Жароков атындағы орта мектебі, №1 мектеп-лицейі, А.Оразбаева атындағы негізгі мектептерінің ата-аналарынан құрылған командалар мен аудан әкімдігі командасы қатысқан болатын.

FB_IMG_1697879109615

Нәтижесінде жүлделі І орынды аудан әкімдігі командасы еншіледі. ІІ орынға №1 мектеп-лицейінің командасы табан тіресе, ІІІ орынды Назарбаев зияткерлік мектебінің командасы алды. «Үздік байланыстырушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік тосқауыл қоюшы» аталымдарына тиісінше Ринат Нұрадинов (НЗ мектебі), Григорий Германов (№1 мектеп-лицей) және Жомарт Исказиев (БИЛ) ие болды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале