Бүгін Орал қаласы Зашаған кентіндегі Мөңкеұлы көшесі бойында орналасқан "Арбат" дәмханасынан өрт шыққан.
Асүй бөлмесінде шамамен жалпы ауданы 20 ш.м. асүй жабдығы және бензин генераторы жанған. 5 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Өрт 22.40-та оқшауланып, 22.46-да жойылды.
Оқиға орнында ТЖД бастығы және оның орынбасары, өрт сөндіру қызметінің бастығы, № 3, 1, 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері және № 4, 5, 8, 6 өрт сөндіру бөлімдері, өртті сөндіру кезекшілік қызметі, зертхана, анықтаушы, Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасы, барлығы жеке құрамнан 49 адам, 15 бірлік техника жұмыс жасады.
БҚО ПД баспасөз қызметі