Өткен апта ішінде елімізде жеті адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform.
«Бір апта ішінде 3003 қылмыс жасалды, оның 1811-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 7 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді анықтады. Одан бөлек, 30 тонау және 369 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.