24.10.2023, 15:00
Оқылды: 96

Білікті кітапханашы, білімді маман

Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы –  кітапханашылар. Осындай қызметкердің бірі – әріптесім, Жаңақала аудандық  орталықтандырылған кітапханасының оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі Райгүл Бисенбиеваны мақтанышпен айта аламын.

00313a83-8d8d-47f7-b6ba-176cdd638ccf

Райгүл Дауымқызы 2009 жылдан бастап Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қызметке кірісті. Жұмыс істеп жүріп, білімін жетілдіру мақсатында М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде білім алды. 2010 жы-лы аудандық балалар кітапханасында, 2011 жылы оқырманды қамту бөлімінде кітапханашы болса, 2012 жылы кітап қорын толықтыру және жабдықтау бөлімінде меңгеруші болып қызмет атқарды. 2017 жылы аудандық кітапхананың абонемент бөлімінде, 2022 жылдан бүгінге дейін оқырмандарды қамту бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Ол  өзінің атқарып отырған қызметімен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысады. Облыстық, ауданаралық  қорғалған «Бір ауыл – бір отбасы», «Дыбыстап оқу бұрышы», «1001 маржан» кітапханалық жобаларының авторы. Жаңақала ауданы әкімінің, Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Б. Қарағойшиннің, Ж. Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының директоры Ш. Уразаеваның алғысхатына ие болды, сондай-ақ Х. Есенжанов атындағы облыстық балалар және жас-өспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Цифрлық дәуір талабы – заманауи маман» атты жастар аймақтық іс-шарасына қатысқаны үшін кітапхана директорының міндетін атқарушы Э. Аманғалиевадан сертификат алды. Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай облыстықмәдениет басқармасының басшысы С. Дүйсеновтің алғысхатымен марапатталды.

Райгүл Дауымқызы — ұжымның арасында білікті, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық танытып жүретін сыйлы әріптес. Сондай-ақ отбасында асыл жар, бір қыз тәрбиелеп отырған аяулы ана.

Айнұр Сансызбайқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале