Жақында Астана қаласында Каратэ (WKF) Шито-рюден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа әр облыстан келген 15 командадағы 500-ге жуық спортшы қатысты.
Ел чемпионатына Батыс Қазақстан облысының командасының құрамында Бөрлі ауданынан 7 спортшы өнер көрсетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Жарыстың қорытындысына сәйкес 7-9 жас ерекшелігінде ката бағдарламасы бойынша Азиз Ибадуллиев І орынды, 16-17 жас арасында - 53 келі салмақ дәрежесінде Дильназ Тойшыбай кумитэ мен ката бойынша ІІ орынды орынды, 18 жастан жоғары әйелдер арасында -61 келі салмақ дәрежесінде Динара Макажанова ІІ орынды иеленді.
Спортшыларды ел чемпионатынна дайындаған жаттықтырушы Дархан Сапаров.
Айым Нұрғалиева,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz