24.10.2023, 17:48
Оқылды: 93

Сырым ауданы: қос ауылда ауыз су құбыры іске қосылды

Бүгін Сырым ауданының Алғабас, Қарағанды ауылдарындағы су құбырлары халық игілігіне берілді.
IMG_2203
Ашылу салтанатында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, ардагер ұстаз, Алғабас ауылдық қоғамдық кеңесінің төрағасы Саламат Қаналиев халықты қуанышты күнмен құттықтады.
IMG_2210
- 25-қазан – Республика күні қарсаңында Алғабас, Қарағандыдағы ағайын үшін “ақ түйенің қарны жарылған күн” десек болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін барлық елді мекен ауыз сумен қамтылуы тиіс. Осы бағытта біздің ауданда бірқатар жұмыс атқарылғандығын айта кетуіміз керек. “Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері” Ұлттық жобасы аясында аудан бойынша 10 елді мекендегі 7 нысанды ауыз су мен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр, - деді аудан басшысы.
Аталған су құбырының лентасын аудан әкімі Жұмагелді Жолдыбайұлы мен ауыл ақсақалы, мәдениет саласының ардагері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбіл Бахтияров қиды.
IMG_2211
Айта кетейік, Алғабас, Қарағанды ауылындағы жобаның мердігері – “СМУ Шығыс”.
Жобаға бөлінген 761,341 млн теңгедей қаржының 715, 9 млн теңгесі игерілген.
IMG_2212
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале