Бүгін ұлт мерекесі – Республика күнін теректіліктер шат көңілмен атап өтті. Аудан орталығындағы биік Тутұғыр алаңына жиналған үлкен топ ішінде мемлекеттік қызметкерлер, педагогтар мен медиктер, жастар мен балалар бар.
Салтанатты жиын Ту тұғырда Мемлекеттік Ту көтеріп, Мемлекеттік Гимн орындаумен басталды.
Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова теректіліктерді Республика күнімен құттықтады. Осы жерде туған елге сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін оятар жыр оқылып, ән шырқалды.
Тутұғыр алаңында бастау алған мерекелік шара Ту шеруімен жалғасты. Көк байрағы желбіреген автокөлік сап түзеп, сәнімен ауыл ішін айналып өтті.
Мереке күнгі шараның бірі – волейболдан аудандық жарыс дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылды.
Теректі, Приречный, Шаған, Шағатай, Шалқар, Подстепное, Долин ауылдық округтерінен келген спортшылар алдында аудан әкімі Әлия Биғазықызы құттықтау сөз сөйлеп, ойынға сәттілік тіледі.
Осылай, салтанатты күнді теректіліктер мәнді шаралармен айшықтады.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz