Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Канкун қаласына (Мексика) келді. Онда бірер күннен кейін WTA турнирінің финалдық кезеңі басталады.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
Канкунде Елена кортқа шығып, алғашқы жаттығуын өткізіп те үлгерді.
WTA турнирінің ақтық кезеңі 29 қазан мен 5 қараша аралығында өтеді. Рыбакина аталмыш жарысқа жолдама алған Қазақстанның бірінші өкілі болды.