26.10.2023, 15:30
Оқылды: 20

Газа секторындағы Қазақстан азаматтарының нақты санын айту мүмкін болмай тұр - министрлік

Қазақстан азаматтарын Газа секторынан шығару жұмыстары бойынша келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров айтты, деп хабарлайды Kazinform.

f34b3ded-960b-4849-88b7-eeb9610557d3

Фото: primeminister.kz

«Біздің дипломатиялық өкілдік Газа секторындағы Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста. Атап айтқанда, осы аумақтан азаматтарымызды аман-есен шығарып алу мақсатында Мысыр үкіметімен де және басқа да ресми тұлғалармен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Қазір 45 мемлекет өз азаматтарын шығарып алуға талпынып отыр. Әзірге, бірде-бір шетел азаматы осы өңірден шыға алмады. Сондық жұмысты жалғастырып жатырмыз», - деді Қ. Омаров Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір Газа секторындағы тұрғындарға гуманитарлық көмек жасауға ерекше мән беріліп отыр. Осы өңірге гуманитарлық жүк тиелген көліктер өткізіліп жатыр.

«Ол жерде жағдай өте күрделі. Қақтығыс аумағында еліміздің нақты неше азаматы қалғаны тұралы мәліметті анықтап жатырмыз. Байланысқа шықпай жатқандары да бар және бұған дейін аты аталмаған басқа адамдар да анықталып отыр. Сондықтан қазір нақты адам санын айту мүмкін болмай тұр. Өткізу бекеті ашылып, азаматтарды шығарып алсақ, олардың азаматтығын анықтаймыз», - деді министрдің орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Газа секторында Қазақстан азаматы мерт болды.

Биыл 16 қазан күні Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Израильдегі Қазақстанның елшілігіне 100-ден астам еліміздің азаматы жәрдем көрсету туралы өтініш жасағанын айтты. Сонымен қатар, Газа секторынан тағы 100-ден астам адамды Қазақстанға жеткізу мәселесі пысықталып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале