26.10.2023, 17:30
Оқылды: 26

Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері марапатталды

Қазан айының соңғы жексенбісі - әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Бүгін Теректі ауданында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті.

92c2b22a-3287-4f9e-b7b7-7f65c8cd865c

Мәдениет үйінде әлеуметтік қолдау гранттары арқылы ісін ашқан шағын кәсіпкерлер өнімдерінің көрмесін жайды.

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова әлеуметтік қызмет саласында еңбек етіп жүрген жандарды кәсіби мерекемен құттықтады. Салтанатты жиында ол бір топ сала қызметкерлерін алғысхатпен марапаттады. Солардың қатарында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден қызмет көрсету бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Мария Загупароваға Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиевтың алғысхатын табыс етті.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арайлым Тасенова бөлімнің бас маманы Әлия Сумкина, үйден көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Эмқанат Елжанова, үйден көмек көрсету бөлімінің қызметкері Әлия Нұртазинаға облыстық басқарма басшысының алғысхатын табыстады.

Әлеуметтік қызметкерлер арасында өткен аудандық «Үздік әлеуметтік қызметкер» сайысында үздік атанған Шаған ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Ақмарал Рахмешоваға арнайы жүлде табыс етілді.

ee96890c-cb89-4b20-a8d5-50c97cbc5bda

Аудандық Мансап орталығы филиалының директоры Әсет Әубәкіров бөлім кеңесшісі Ерден Айтқалиевке басқарма басшысы және бөлім маманы Жанаргүл Жақияға облыстық Еңбек мобильдігі орталық директоры жолдаған алғысхаттарды жеткізді.

Салтанатты жиынға арнайы шақырылған қонақ, әлеуметтік қорғау саласында басшылық қызмет атқарған еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы Любовь Лымарева сөз алып, әріптестеріне тілегін білдірді.

Салтанатты шара мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған мерекелік концертке жалғасты.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале