27.10.2023, 14:30
Оқылды: 51

Су айдындары бекітіледі

 

2021 жылдың қаңтарынан бастап ҚР «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» заңының 9-бабына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын конкурстық негізде табиғат пайдаланушыларға бекітіп беру функциясы жергілікті атқарушы құрылымнан алынып, уәкілетті құрылым – Жайық – Каспий  облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына берілді.

су жп

Конкурсқа арнайы ғылыми институтымен зерттеліп, паспортталған және балық шаруашылығын жүргізуге қолайлы деп танылған резервтік қордағы су айдындары шығарылады. Шартқа сәйкес табиғат пайдаланушы мақсатына қарай (кәсіпшілік, көлде-тауарлы балық өсіру, әуесқой (спорттық) балық аулау, торда балық өсіру) тауарлы балық өсіруге, балықты молайтуға, балықтың қырылу қаупінің алдын алу шараларын жүргізуге міндеттеледі. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге, аншлагтар орнатуға, жағалауды абаттандыруға және т. б. жұмыстарды істейді.

Конкурсқа шығарылатын су айдындары E-Qazyna.kz веб-порталында жарияланып, аукцион арқылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 бұйрығының негізінде жүргізіледі. 2023 жылғы 1 маусымда Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен балық шаруашылығы су айдындарын бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларына конкурстық рәсімдерге қатысуға рұқсат беру үшін кепілдік жарнаның мөлшерін көбейту бөлігінде өзгерістер енгізілді. Енгізілген өзгеріс конкурс үрдісінде баға ұсыныстарын жоғарылататын жосықсыз қатысушылардың қатысуын алдын алуға ықпал етеді. Түпкілікті бағаны төлеу үшін белгіленген мерзім бұзылған жағдайда конкурс жеңімпазына кепілдік жарна қайтарылмайтынын да атап өткен жөн.

Одан басқа объектілердің түпкілікті бағасын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізілді. Мәселен, егер бұрын конкурстың жеңімпазы жергілікті атқарушы құрылым қаулы шығарғаннан және облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясымен шарт жасасқаннан кейін түпкілікті бағаны төлеген болса, енді конкурстың жеңімпазы жергілікті атқарушы құрылым қаулы шығарғанға дейін түпкілікті бағаны төлейтін болады. Сонымен қатар ең жоғары бағаны кезең-кезеңімен ұлғайту мүмкіндігі үшін көзделген уақыт аралығы 20 минуттан 10 минутқа дейін қысқартылды. Конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарынан қатысушылардың банк, филиал немесе банк бөлімшесі алдындағы міндеттемелердің барлық түрі бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы мәліметтер беру туралы талабы алынып тасталды. Сонымен қатар балықты өңдейтін цехтың есептік нөмірін көрсету туралы талап нақтыланған, яғни цехтың болуын растау үшін G2 нөмірін ұсыну қажет. Бұл ережелер ағымдағы жылдың 9 тамызында заңды күшіне енді.

Ережелердің толық мәтінімен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/fishery/documents/details/479684?lang=kk

БҚО бойынша балық инспекциясы басқармасы  балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін пайдаланушыларға бекіту  конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды. Конкурсқа Шыңғырлау ауданындағы Қарағай тоғаны және Ақжайық ауданындағы Көшім өзенінің (Бітік су қоймасының бөгетінен №1 дөнгелек су қоймасына дейінгі балық шаруашылығы учаскесі) учаскелері шығарылды. Өтінімдер E-QAZYNA.KZ портал арқылы электрондық түрде 31.10.2023 жылға дейінгі мерзімде қабылданады. Қосымша ақпаратты 26-48-20 телефоны бойынша ала аласыз.

Бағдат  Ғабдуллин,

БҚО-дағы балық инспекциясы

басқармасының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале