Бүгін М.Маметова атындағы әуежайдан батысқазақстандықтар Азия Пара ойындарының жеңімпаздарын қарсылап алды.
Ханчжоудан қола жүлдемен оралған жерлестеріміздің бірі Мәриям Сәлімгереева паратаэквондодан 65 кг салмақта өнер көрсетті.
Енді бір спортшымыз Талғат Әжғалиев 90 келіден жоғары салмақта J-2 санаты (екі көзі нашар көретін адамдар) үшінші орынға табан тіреді.
Еске салсақ, Талғат Әжіғалиев 2018 жылдан бастап Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубында жаттығатыны туралы жазған едік.
Қазіргі кезде ол тәжірибелі жаттықтырушылар Теміржан Хасанғалиев пен Арман Байеновтен тәлім алып жүр.
Орал қалалық дене шынықтыру
және спорт бөлімінің
баспасөз қызметінен