Жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 534 шетел азаматы еңбек етеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 515 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 717 рұқсат (екінші санат) берілген.
Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 1 897 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 393 адам тартылған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 529 жұмыс беруші бар.
Оларда 471,7 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,9%-ы.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 944 адам (27,8%), Өзбекстан – 1 714 адам (12,1%), Үндістан – 1 326 адам (9,3%), Түркия – 1 288 адам (9,1%).