30.10.2023, 16:16
Оқылды: 8

Жәнібекте волейболдан аймақтық ашық турнир өтті

Жәнібек ауданындағы М.Ықсанов атындағы колледжде ұзақ жылдар бойы кәсіптік білім беру саласында еңбек еткен Дархан Қажымовты еске алуға арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының оқытушылары арасында волейболдан аймақтық ашық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

5430C4CA-9489-41F4-AF19-09ACBC7DE0FA

Ұлағатты ұстазды еске алуға арналған турнирде Тасқала, Жаңақала, Бөкей ордасы ауданы мен Жалпақтал ауылының колледж оқытушылары бақ сынады. Ашылу салтанатына Дархан Уахитұлының анасы Клара Сариева, зайыбы мен балалары және колледждің ардагер ұстазы Ерсайын Ғұбашев қатысты. Бөкей ордасы ауданы колледжінің директоры Бағдат Лұқпанов сөз тізгінін алып, ұлына ұжымының атынан 100 мың теңге табыстады.

77D44931-7D9A-4E15-92E2-3D3A5D690E7C

Турнирде Бөкей ордасы колледжі жеңімпаз атанды. Жүлделі ІІ орынды Жаңақала ауданының колледжі еншілесе, ІІІ орынды Тасқала колледжі еншіледі. «Үздік шабуылшы» аталымына Сұлтан Ғайнуллин, «Үздік байланыстырушы» аталымына Мереке Сағидуллин, «Үздік қорғаушы» аталымына Аслан Алдонов, «Үздік ойыншы» аталымына Рамазан Байбеков ие болды.

Жүлдегерлерге ақшалай сыйлық табысталды. Марапаттау соңында ұстаздың отбасы Жәнібек пен Бөкей ордасы ауданының намысын қорғаған топқа лебізін білдіріп, естелік сыйлық тарту етті.

Әлібек Қаржау

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале