Мемлекет диализге тәуелді науқастардың еміне жыл сайын 40 миллиард теңгеден астам қаржы бөледі. Диализдің сапасын арттыру тікелей дәрігерлерге байланысты, - дейді мамандар.
Сондықтан науқастармен жұмыс істейтін медбикелер мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру өзекті. Алматыда «Дәрігер және пациент. Тиімді диалог. Бүйректің жанама терапиясы» халықаралық симпозиумы өтті.
Шарада отандық және Ресей, Белорусь, Қырғызстаннан келген нефролог дәрігерлер өзара тәжірибе алмасты. Мамандарға бүйрек зақымдануын ерте диагностикалау және емдеу алгоритмдерін дұрыс қолдану бойынша оқу-әдістемелік құралдар таныстырылды.
– Диализдің сапасын арттыру тікелей дәрігерлерге байланысты. Сондықтан соған оқыту жұмыстары өте қажет етеді. Және де қосымша біз бұл жерге медбикелерді шақырттық. Науқастармен көп жұмыс жасайтын медбикелер болғандықтан, соларды ды оқыту жұмыстарын жетілдірмек ойымыз бар, - дейді Қазақстан диализ қоғамының мүшесі Мұратбек Бәмішұлы.