Аталмыш хостелдің ашылуына Бөкей ордасы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Біржан Меңешов қатысып өз лебізімен бөлісті.
– Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударып келеді. Бұл ең алдымен стратегиялық маңызды салаға қосылған үлкен үлес. Бөкей ордасы тарихи өлке болғандықтан туристік аймаққа айналды. Хостел тарихи ескерткіштерді тамашалауға келген саяхатшыларға жақсы бір тарту болды, - дей келіп хостел қожайыны Олжас Түсіпкалиевке құттықтау хатын табыстады.
Жиналғандар нысанды аралап, екі қабатты қонақүйдің 4 бөлме, 16 орын, асханамен қамтамасыз етілгеніне көз жеткізді.
Еркебұлан Бисенғалиев,
Бөкей ордасы ауданы