30.10.2023, 17:00
Оқылды: 136

Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

5 қарашада өтетін сайлауға аудан әкіміне үміткер болып тіркелген Қаратөбе ауылының тұрғыны Қанат Мұханов  Мұхит Мералиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейінде мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесті.

B564873C-799B-470B-89E3-57BD4C9C8E8E

Кездесу барысында Қанат Мұратұлы мәдениет саласы қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, бағдараламадағы бірқатар өзекті жұмыстарды баяндап өтті.

– Менің сайлауалды бағдарламама қазір ауданда өзекті болып тұрған тұрғын үйлер мен жолдарды салу тағы да басқа аудан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірнеше мәселелер енді.

Аудан әкімі болып сайлана қалған жағдайда осы жұмыстарды жүзеге асыратын боламын, - деді үміткер Қанат Мұханов.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале