Батыс Қазақстан облысында ауыл жастарын қолдауға арналған іс-шара кешенің ұйымдастыру және өткізу жобасы аясында ақпараттық түсіндіру тобы Теректі ауданына жұмыс сапарымен келді.
Олардың құрамында Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дулат Жүсіпқалиев, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Салтанат Тұманбаева бар. Жиын барысында спикерлер түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті.
Кездесу соңы «QUIZZIZ» ойынымен жалғасты. Үш топқа бөлінген жастар өзара бақ сынады. Нәтижесінде «JasStar» тобы үздік деп танылды.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz